2026 жылдың соңына дейін цифрлық теңгені 100 жобада пайдалану жоспарланып отыр. Қазір 20 пилоттық жоба аяқталды, тағы 10 жоба іске асырылып жатыр, ал 50 жоба іске қосуға дайындалып жатыр, деп хабарлайды ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі.
Айналымға шығарылған цифрлық теңгенің көлемі 340 млрд ₸-ге жетті.
Цифрлық теңге мемлекеттік сатып алуда қолданыла бастайды
Тамызда цифрлық теңге платформасын Қаржы министрлігінің ақпараттық жүйелерімен техникалық интеграциялау жұмыстарын аяқтау жоспарланып отыр. Осыдан кейін цифрлық теңге тауарларды, дәрі-дәрмектерді, жанар-жағармай материалдарын және басқа да материалдық қорларды мемлекеттік сатып алу кезінде қолданыла бастайды.
Цифрлық теңге платформасының мәртебесі мен жұмыс тәртібі заңнамалық деңгейде бекітілді.
Пилоттық жобалар бірнеше бағытты қамтиды
Пилоттық жобалар бірнеше бағытты қамтиды
Цифрлық теңге инфрақұрылымдық құрылыс, бюджеттік кредиттеу, субсидиялау және гранттық қаржыландыру салаларында сынақтан өтіп жатыр. Сондай-ақ ол мемлекеттік қолдау шараларын көрсету, салықтық әкімшілендіру, Ұлттық банк пен квазимемлекеттік сектор ұйымдарының сатып алулары кезінде қолданылады.
Құны 100 млн ₸-ден асатын жобалардағы бюджет шығыстарының сегіз түрі бойынша цифрлық теңгені пайдалану міндетті.
Қаражаттың жұмсалуын барлық кезеңде бақылауға болады
Жобаның міндеттерінің бірі — бюджет қаражатының бас мердігерден соңғы орындаушыға дейінгі қозғалысын толық бақылауды қамтамасыз ету.
Қазір субмердігер ұйымдар цифрлық теңгемен жұмыс істеу үшін смарт-келісімшарттар жасауға әрдайым дайын емес, өйткені заңнамада мұндай талаптар белгіленбеген. Қаржы министрлігі субмердігерлерді қосуға қажетті құқықтық тетіктерді қалыптастыратын түзетулер әзірледі.