2026 жылғы қазанда Қазақстанда үш күн қатарынан демалыс болады. 25 қазанда атап өтілетін Республика күні жексенбіге түсетіндіктен, демалыс күні дүйсенбіге, 26 қазанға ауыстырылады.
24, 25 және 26 қазан демалыс күндері болады.
2026 жылғы қазандағы жұмыс және демалыс күндерінің саны
Бес күндік жұмыс аптасында қазанда 21 жұмыс күні және 10 демалыс күні болады.
Алты күндік жұмыс аптасында 26 жұмыс күні және 5 демалыс күні болады.
2026 жылғы қазандағы жұмыс уақытының нормасы
40 сағаттық жұмыс аптасында жұмыс уақытының нормасы 168 сағатты құрайды. 36 сағаттық жұмыс аптасында — 151,2 сағат, ал 24 сағаттық жұмыс аптасында — 100,8 сағат.
2026 жылға арналған мереке және демалыс күндерінің толық күнтізбесін мына жерден көре аласыз.