Таңбалау
29.05.2026, 10:03

Қазақстандағы цифрлық таңбалау: технологиялар темекінің заңсыз нарығымен күресуге қалай көмектеседі

196 рет қаралды
«Антиконтрафакт» халықаралық форумы аясында өткен «ЕАЭО темекі нарығын заңдастыру: стратегиялық басымдықтар мен жүйелі шешімдер» сессиясында Tañba бірыңғай тауарларды таңбалау және қадағалау операторының басқарушы директоры Алмат Исмаилов Қазақстан нарығында заңсыз темекі өнімдерінің айналымына тиімді қарсы тұруға мүмкіндік беретін цифрлық экожүйенің негізгі құралдары туралы айтып берді.

 

Алмат Исмаиловтың айтуынша, цифрлық таңбалау жүйесі бақылаудың бірден екі деңгейін – тұтынушылық және мемлекеттік деңгейлерді қамтиды. Қарапайым азаматтар үшін Naqty Onim мобильді қосымшасы әзірленген: таңбалау кодын сканерлеу арқылы кез келген сатып алушы сатып алып жатқан өнімінің заңдылығын бірден тексере алады. Заңбұзушылық анықталған жағдайда ақпаратты тікелей қосымша арқылы уәкілетті мемлекеттік органға жедел жолдауға болады.

 

«Таңбалаудың цифрлық экожүйесі азаматтардың өтініштерін жедел талдауға мүмкіндік береді және мемлекеттік органдарға сауда нүктелеріндегі заңбұзушылықтарды тиімдірек анықтауға көмектеседі», – деп атап өтті Алмат Исмаилов.

 

Бақылаушы органдар үшін жеке құрал – Naqty Gov мобильді қосымшасы әзірленген. Ол тексерулерді тауар сатылатын орындарда тікелей жүргізуге мүмкіндік береді. Қосымшаның көмегімен ведомство қызметкерлері таңбалау кодтарын сканерлеп, өнімнің жүйедегі мәртебесін тексере алады, сондай-ақ заңбұзушылық немесе заңсыз айналым белгілерін нақты уақыт режимінде тіркей алады.

 

logo Тауарларды таңбалаудың бірыңғай операторы
Сайтқа өту