Құрметті клиент!
«Қазақтелеком» АҚ бағдарламалық жасақтаманың (БЖ) ағымдағы және қолдау көрсетілетін нұсқаларында жұмыс істейтін жаңа plesk03 және plesk04 хостинг серверлерінің іске қосылғаны туралы хабарлайды:
• PHP 8.3, PHP 8.4 және PHP 8.5;
• MySQL 8.4 LTS ДҚБЖ.
Хостинг қызметтерінің тұрақты және қауіпсіз жұмысын қамтамасыз ету, сондай-ақ БЖ қолдау көрсетілетін нұсқаларына көшу мақсатында «Қазақтелеком» АҚ клиенттік сайттарды plesk01 және plesk02 серверлерінен plesk03 және plesk04 жаңа серверлеріне кезең-кезеңімен көшіруді жүргізеді.
Ауыстыруды 2027 жылғы31 қаңтардан кешіктірмей аяқтау қажет екенін назарларыңызға саламыз. Көрсетілген күннен кейін plesk01 және plesk02 серверлерін пайдаланудан шығару жоспарлануда.
Ауыстыру шарттары
Ауыстыру клиенттің өтінімі негізінде жеке жүзеге асырылады. Қолданыстағы тариф пен қызмет көрсету мерзімі сақталады.
PHP 8.3 және одан жоғары үйлесімді сайттар ауыстырылады. PHP 8.0–8.2 пайдаланатын сайттар үйлесімділікке алдын ала тексеріледі. PHP 7.4 және одан төмен сайттарды клиент CMS және бағдарламалық кодты жаңартқаннан кейін ғана ауыстыруға болады.
Ауыстыру барысында сайттың IP-адресі өзгереді. Егер доменнің DNS-аймағына «Қазақтелеком»АҚ қызмет көрсетсе, DNS-жазбаларды жаңартуды біздің техникалық мамандар орындайды. Егер DNS аймағына бөгде провайдер немесе тіркеуші қызмет көрсетсе, клиент ұсынылған техникалық деректер негізінде DNS жазбаларын өз бетінше жаңартуы керек.
Ауыстыру кезінде сайт пен электрондық поштаның қысқа мерзімді қол жетімсіздігі мүмкін, әдетте 60 минуттан аспайды. Ауыстыру кезеңінде келіп түскен пошта хабарламалары жоғалмайды.
Ауыстырудың болжамды ұзақтығы стандартты сайт үшін 1 сағатқа дейін, ал файлдар, дерекқор және поштасы көп сайттар үшін 2-ден 8 сағатқа дейін.
Өтінім беру тәртібі
Ауыстыруды ұйымдастыру үшін IDHost техникалық қолдау қызметіне хабарласуды және өтінімді қажетті ауыстыру күніне дейін 2 жұмыс күнінен кешіктірмей жіберуді сұраймыз.
IDHost қолдау қызметінің байланыс ақпараты:
Электрондық пошта: support@idhost.kz
Телефон: +7 727 377 71 27
Тегін нөмір: 8 800 080 01 88
Жұмыстар жұмыс күндері (дүйсенбі–жұма, 08:30-дан 17:30-ға дейін) алдын ала келісілген уақытта орындалады.
Сайтыңыздың PHP 8.3 және одан жоғары нұсқаларымен үйлесімділігін алдын ала тексеруді және қажет болған жағдайда CMS және бағдарламалық кодты жаңартуды сұраймыз.
Қолданыстағы серверлер пайдаланудан шығарылғаннан кейін қызметтердің қолжетімділігін тоқтату мүмкіндігін болдырмау үшін өтінім беруді кейінге қалдырмауды және ауыстыруды 2027 жылғы 31 қаңтарға дейін аяқтауды сұраймыз.
Ынтымақтастық пен түсіністік үшін рақмет!