Қазақтелеком
4 күн бұрын, 09:35

IDHost платформасының VPS серверлерін жаңа жабдыққа көшіру туралы хабарлама

2 рет қаралды
Құрметті клиент!

IDHost платформасында пайдаланылып жатқан жабдықтардың ескіруі және тозуы салдарынан туындаған апаттық жағдайларға байланысты Solus платформасындағы VPS клиенттер үшін жаңа физикалық серверлер бөлінді.

 

Ұсынылатын қызметтердің тұрақтылығы мен сенімділігін арттыру мақсатында клиенттердің барлық VPS-серверлерін жаңа жабдыққа көшіру қажет.

 

Жұмыстарды жүргізу тәртібі

 

1.⁠ ⁠Жоспарлы көшіру — 2026 жылғы 30 қазан

Егер серверді күндізгі уақытта көшіруге келіссеңіз, жұмыстарды жүргізуге ыңғайлы уақытты 08:30-дан 17:30-ға дейінгі аралықта көрсетіп, өтінім жолдауыңызды сұраймыз.

Көшіру жұмыстары өтінімдердің келіп түсу ретіне қарай, клиентпен келісілген уақытта жүзеге асырылады.

 

2.⁠ ⁠Мәжбүрлі көшіру — 2026 жылғы 1 қараша

Жұмыстардың шұғыл жүргізілуіне байланысты бұған дейін көшірілмеген барлық VPS-серверлер 00:00-ден 07:00-ге дейінгі аралықта мәжбүрлі көшіру жұмыстарын жүргізу үшін өшіріледі.

 

Назар аударыңыз!

Көшіру барысында әрбір VPS-сервердің жұмысындағы үзіліс ұзақтығы тасымалданатын деректер көлеміне байланысты болады және кемінде 15 минутты құрайды.

 

Жұмыстарды жүргізудің барлық күндері мен уақыты Алматы қаласының уақыты бойынша көрсетілген.

Сервистеріңіздің жұмысына ықтимал әсерді барынша азайту үшін көшіру жұмыстарына алдын ала өтінім беріп, өзіңізге ыңғайлы уақытты таңдауыңызды сұраймыз.

 

IDHost техникалық қолдау қызметінің байланыс деректері:

Электронды пошта: support@idhost.kz

Телефон: +7 727 377 71 27

Тегін байланыс нөмірі: 8 800 080 01 88
 

VPS-серверлерді көшіруге қатысты барлық сұрақтар бойынша IDHost техникалық қолдау қызметіне жоғарыда көрсетілген байланыс деректері арқылы хабарласа аласыз.

 

Түсіністік танытқаныңыз үшін алғыс білдіреміз және туындауы мүмкін қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.