Құрметті клиенттер!
«Қазақтелеком» АҚ филиалы — Цифрлық бизнес дивизионы электрондық шот-фактураларда (ЭШФ) жеткізушінің деректемелерін көрсету тәртібіне өзгерістер енгізілетінін хабарлайды.
2026 жылғы қыркүйектен бастап ЭШФ-да келесі деректемелер көрсетіледі:
• 6-жол «ЖСН/БСН» — «Қазақтелеком» АҚ бас кәсіпорнының БСН: 941240000193.
• 6.0-жол «Заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің БСН» — «Қазақтелеком» АҚ филиалы — Цифрлық бизнес дивизионының БСН: 250141018288.
• 9-жол «ҚҚС төлеушісін тіркеу есебіне қою күні» — 18.01.2002.
• 9.1-жол «Бейрезидент заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі» — ЭШФ пішініне қойылатын талаптарға сәйкес тиісті ақпарат.
Өзгерістер ЭШФ-да деректемелерді көрсету тәртібіне қатысты және көрсетілетін қызметтер төлемінің тәртібін өзгертпейтініне назар аударамыз.
Төлем жасайтын деректемелер өзгеріссіз қалады:
Филиалдың БСН: 250141018288
АКТ қызметтеріне төлем жасау үшін:
ЖСК: KZ10601A861051851361
ФДО/БКМ қызметтеріне төлем жасау үшін:
ЖСК: KZ31601A861051851371
Осы ақпаратты назарыңызға алып, бухгалтерлік құжаттарды рәсімдеу барысында ескерулеріңізді сұраймыз.
Ынтымақтастық пен түсіністік үшін алғыс білдіреміз!