Құрметті клиенттер!
Сіздерге 2026 жылғы 10 маусымда сағат 00:30-дан 01:00-ге дейін сыртқы байланыс арналарының патч-кордтарын ауыстыру бойынша жұмыстар жүргізілетіні туралы хабарлаймыз.
Аталған уақыт аралығында Астана қаласы, Абай көшесі, 26 мекенжайында орналасқан деректерді өңдеу орталығының (ДӨО) клиенттеріне ұсынылатын сервистердің жұмысы қысқа мерзімге қолжетімсіз болуы мүмкін.
Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және түсіністік танытқандарыңыз үшін алғыс білдіреміз. Сұрақтар туындаған жағдайда, тәулік бойы жұмыс істейтін техникалық қолдау қызметіне 8 800 080 0188 телефоны, support@idhost.kz электрондық поштасы немесе жеке менеджеріңіз арқылы хабарласа аласыз.