11.02.2026, 15:58

Ағымдағы жылғы 14 ақпанда өткізілетін жоспарлы техникалық жұмыстар туралы хабарлама

77 рет қаралды
Құрметті клиенттер!

«Қазақтелеком» АҚ филиалы – Цифрлық бизнес дивизионы  2026 жылғы 14 ақпанда сағат 00:00-ден 05:00-ге дейін idhost.ismet.kz доменін idhost.telecom.kz доменіне ауыстыру бойынша жоспарлы техникалық жұмыстар жүргізілетінін хабарлайды. 

 

Көрсетілген кезеңде клиенттер үшін келесі ресурстар уақытша қолжетімсіз болады:

idhost.ismet.kz

idhost.telecom.kz

 

Ақпараттық технологиялар дивизионы тарапынан жұмыстарды жүргізу уақытында көрсетілген ресурстарда ақпараттық шектеуіш орналастырылатын болады. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және түсіністік үшін алғыс білдіреміз.