Таңбалау
27.07.2026, 14:11

DMARK: Қазақстандық цифрлық таңбалаудың техникалық интеграторы

330 рет қаралды
DMARK — өндірістерде таңбалау жүйелерін енгізумен айналысатын қазақстандық IT-компания. Компания бағдарламалық қамтамасыз етуден бастап жабдықтарды іріктеу мен жеткізуге дейінгі толық циклді қамтиды және Қазақстанда таңбалау талаптарына жататын барлық тауар топтарымен жұмыс істейді.

DMARK қалай жұмыс істейді

Жүйені енгізер алдында команда өндірістік алаңға зерттеу жүргізеді: қандай жабдық орнатылғанын, оның нақты қалай жұмыс істейтінін және қай жабдықты ауыстырмай-ақ пайдалануға болатынын анықтайды. Егер қолданыстағы жабдық қойылған міндеттерді орындай алса, жүйе сол жабдықпен интеграцияланады. Жаңа жабдық тек нақты қажеттілік болған жағдайда және тиісті негіздемемен ұсынылады.

 

Дайын шешімді енгізу мерзімі кәсіпорынның ауқымына байланысты. Шағын бизнес үшін іске қосу 3–7 жұмыс күнін, орта бизнес үшін 1–2 аптаны, ал ірі кәсіпорындар мен жеке бейімдеуді қажет ететін интеграциялар үшін 3–6 аптаны құрайды. Бұл мерзімге жүйені баптау, интеграциялау, қызметкерлерді оқыту және тестілеу кіреді.

 

Жүйе іске қосылғаннан кейін DMARK кәсіпорынның қажеттілігіне қарай жұмыс уақытында немесе тәулік бойы техникалық қолдау көрсетеді. Қолдау форматтарына инженердің өндірістік алаңға баруы, қашықтан қосылу, онлайн-чат және телефон арқылы кеңес беру кіреді.

 

Бағдарламалық қамтамасыз ету барлық операциялық процесті қамтиды: кодтарға тапсырыс беру, Data Matrix және SSCC кодтарын басып шығару, қаптамаларды агрегациялау және дезагрегациялау, яғни блок, қорап және паллета деңгейінде біріктіру және бөлу, тауарларды айналымға енгізу, партиялар мен жарамдылық мерзімдерін басқару, есептілік жүргізу және операциялар журналын қалыптастыру. Жүйе ресми API арқылы ТТ МАЖ, ТБЖ, ТЭҚО және xTrace жүйелеріне қосылады. Сонымен қатар 1С, SAP және басқа да ERP/WMS жүйелеріне REST API арқылы қосылуға арналған дайын коннекторлары бар. Жүйе веб-интерфейс және Android мобильді қосымшасы арқылы жұмыс істейді.

 

Жабдықтар бағыты бойынша DMARK iDPRT, SmartMore және Bentsai компанияларының ресми жеткізушісі болып табылады. Бағдарламалық қамтамасыз ету жабдықтардың кең ауқымымен үйлесімді: Zebra, Postek және Honeywell принтерлері, iDPRT және Zebra аппликаторлары, SmartMore және Hikrobot машиналық көру камералары, Domino және EC-jet термиялық бүріккіш принтерлері.

 

Жүйе енгізіліп, іс жүзінде сыналған кәсіпорындардың қатарында «Сұлтан» ЖШС, «Қызылмай фирмасы» ӨК, Dosfarm ЖШС, «Жанафарм өндірістік-логистикалық кәсіпорны» ЖШС және «Лекос» ЖШС бар.

 

Зертхана және мамандар даярлау

Жүйелерді енгізумен қатар, DMARK таңбалау нарығына қажетті инфрақұрылымды да дамытып келеді. Алматы политехникалық колледжінің базасында компанияның зертханасы жұмыс істейді. Өндірушілер зертханаға келіп, жабдықты өз көзімен көріп, сатып алмас бұрын оны сынақтан өткізе алады.

 

Сондай-ақ DMARK кәсіпорындарда жүйені енгізгеннен кейін оған қызмет көрсете алатын мамандар болуы үшін өнеркәсіптік автоматтандыру саласындағы кадрларды даярлайды.

Image 1 Image 2 Image 3

Компания туралы

DMARK компаниясын Аян мен Марк құрған. Екеуі де таңбалау саласына банк жүйелерін әзірлеу бағытынан келген. Олар бұған дейін жоғары жүктемелі жүйелерді әзірлеуге қатысқан: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне арналған антифрод жүйесі, Сбербанкке арналған алаяқтыққа қарсы жүйелер және Банк ЦентрКредиттің мобильді банкін әзірлеу.

 

Осы тәжірибе компания жұмысының негізгі қағидатын қалыптастырды.

 

«Жүйе өндірісті тоқтатпай енгізіліп, алғашқы күннен бастап нақты жүктемеге төтеп беруі тиіс», — дейді компания мамандары.

Бүгінде командада 12 адам жұмыс істейді. 2024 жылы DMARK Террикон алқабының акселерациялық бағдарламасынан өтіп, Яндекс компаниясының грантын иеленді. Сондай-ақ компанияда Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің алғыс хаты бар.

 

Image 1 Image 2

Интеграторларға арналған ақпарат

Егер сіз Қазақстанда цифрлық таңбалау шешімдерін енгізумен айналыссаңыз және өз компанияңыз, жобаларыңыз бен жұмыс тәжірибеңіз туралы баяндауды қаласаңыз, pr@digitaleconomy.kz электрондық поштасына жазыңыз.

 

Біз бизнеске тауарларды таңбалау жүйесін енгізуге және өндірістік процестерді автоматтандыруға көмектесетін технологиялық компаниялар, интеграторлар мен шешім жеткізушілері туралы ақпарат жариялаймыз.

logo Тауарларды таңбалаудың бірыңғай операторы
Сайтқа өту
Таңбалау
27.07.2026, 14:11

DMARK: Қазақстандық цифрлық таңбалаудың техникалық интеграторы

331 рет қаралды
DMARK – казахстанская IT-компания, которая внедряет системы маркировки на производстве. Они закрывают полный цикл: от программного обеспечения до подбора и поставки оборудования, работая со всеми товарными группами, которые подпадают под требования маркировки в Казахстане.

Как работает DMARK

Перед внедрением команда проводит обследование производства: смотрит, что уже установлено, что реально работает и что можно использовать без замены. Если существующее оборудование справляется с задачей – интегрируются в него. Новое предлагают только там, где есть реальный пробел, и всегда с обоснованием.

 

Сроки внедрения коробочного решения зависят от масштаба предприятия: малый бизнес запускают за 3-7 рабочих дней, средние компании –  за 1-2 недели, крупные и кастомные интеграции занимают 3–6 недель. В сроки входят настройка, интеграция, обучение персонала и тестирование.

 

После запуска DMARK обеспечивает техническую поддержку в рабочие часы или круглосуточно – в зависимости от потребностей предприятия. Доступные форматы: выезд инженера на площадку, удаленная сессия, онлайн-чат и телефонные звонки.

Программное обеспечение охватывает весь операционный контур — заказ кодов и печать Data Matrix / SSCC, агрегацию и дезагрегацию упаковок (блок, короб, паллета), ввод товаров в оборот, управление партиями и сроками годности, отчётность и журнал операций. Система подключается к ИС МПТ, СУЗ, ЦЭДМ и xTrace через официальные API, имеет готовые коннекторы к 1С, SAP и другим ERP/WMS по REST API. Работает через веб-интерфейс и мобильное приложение на Android.

 

По оборудованию DMARK является официальным поставщиком iDPRT, SmartMore и Bentsai. ПО совместимо с широким парком техники: принтеры Zebra, Postek, Honeywell, аппликаторы iDPRT и Zebra, камеры машинного зрения SmartMore и Hikrobot, термоструйные принтеры Domino и EC-jet.

 

Среди предприятий, на которых отработана система: ТОО «Султан», ПК «Фирма «Кызылмай»», ТОО Dosfarm, ТОО «ПЛП «Жанафарм»», ТОО Лекос.

 

Лаборатория и подготовка кадров

Помимо внедрений, DMARK развивает инфраструктуру вокруг рынка маркировки. При Алматинском политехническом колледже работает лаборатория компании — производители могут приехать, посмотреть оборудование вживую и протестировать его до закупки. Там же DMARK готовит специалистов по промышленной автоматизации, чтобы на предприятиях было кому обслуживать систему после внедрения.

 

Image 1 Image 2 Image 3

О компании

DMARK основана Аяном и Марком — оба пришли в маркировку из банковской разработки, где участвовали в создании высоконагруженных систем: антифрод для Национального Банка РК, системы противодействия мошенничеству для Сбербанка, мобильный банк для Банк ЦентрКредит. Этот опыт заложил базовый принцип работы компании.

 

«Система должна внедряться без остановки производства и выдерживать реальную нагрузку с первого дня», - говорят специалисты.

Сегодня в команде 12 человек. В 2024 году DMARK прошли акселерацию Терриконовой долины и получили грант от Яндекса. Компания также имеет благодарственное письмо от Министерства торговли и интеграции Республики Казахстан.

 

Для интеграторов

Если вы занимаетесь внедрением решений по цифровой маркировке в Казахстане и хотите рассказать о своей компании, проектах и опыте работы, напишите нам на электронную почту pr@digitaleconomy.kz.

 

Мы рассказываем о технологических компаниях, интеграторах и поставщиках решений, которые помогают бизнесу внедрять маркировку товаров и автоматизировать производственные процессы.

Image 1 Image 2

logo Тауарларды таңбалаудың бірыңғай операторы
Сайтқа өту