Делегация Қытайдың электрондық коммерция экожүйесінің негізгі элементтерін, соның ішінде кадрлар даярлау, e-commerce саласында жасанды интеллектіні қолдану, тікелей онлайн-сауданы (live commerce) ұйымдастыру және тауар ағынын басқарудағы цифрлық шешімдердің рөлін егжей-тегжейлі зерттеді.
Сонымен қатар халықаралық логистика мен жеткізу тізбегін басқару мәселелеріне ерекше назар аударылды. Оператор өкілдері тауар партияларын шоғырландыру, қойма және тарату инфрақұрылымы, сондай-ақ өнімді сақтау, өңдеу және жеткізу процестерін автоматтандыру тәсілдерін қарастырды. Салалық компаниялар мен логистикалық хабтарға бару барысында трансшекаралық тасымалды тиімді ұйымдастыру және операциялық шығындарды азайту жолдары зерделенді.
Бұдан бөлек, делегация жетекші цифрлық платформалар мен экожүйелердің жұмысымен танысты. Оның ішінде өндірушілердің халықаралық нарықтарға шығуына арналған шешімдер, сауданы басқару және тауарды ілгерілету құралдары, сондай-ақ контент жасау және тұтынушылық сұранысты талдау технологиялары бар.
Зерттелген тәжірибе Қазақстанның цифрлық экожүйесін одан әрі дамыту тұрғысынан қарастырылуда. Бүгінде тауарларды таңбалау мен қадағалау жүйесі елімізде іргелі инфрақұрылымдық элементтердің бірі ретінде қалыптасып келеді. Үздік халықаралық тәжірибені енгізу тауар ағынының ашықтығын арттыруға, деректер сапасын жақсартуға және мемлекет, бизнес пен цифрлық платформалар арасындағы өзара іс-қимылды нығайтуға мүмкіндік береді.
Сапар барысында жинақталған тәжірибені оператордың цифрлық шешімдерін, соның ішінде логистикалық тәсілдерді жетілдіру, платформалық жүйелермен интеграциялау және нарық қатысушыларымен жұмыс сапасын арттыру бағытында қолдану жоспарланып отыр.
Тауарларды таңбалаудың бірыңғай операторы