Келісім Бірыңғай таңбалау операторы мен электрондық коммерция нарығына қатысушылардың ірі бірлестіктерінің бірі арасындағы жүйелі өзара іс-қимылдың негізін қалайды. Алдағы үш жыл ішінде тараптар кәсіпкерлердің цифрлық таңбалау және Ұлттық тауарлар каталогы туралы хабардарлығын арттыру, сараптамалық талқылаулар мен зерттеулер жүргізу, сондай-ақ заңды тауар айналымын дамытуға ықпал ететін шешімдерді бірлесіп әзірлеу жөнінде уағдаласты.
Меморандум аясында тараптар тұрақты түрде бірлескен жұмыс кездесулері мен сараптамалық топтардың отырыстарын өткізіп, цифрлық таңбалау жүйесі мен Ұлттық тауарлар каталогының жұмыс істеу мәселелері бойынша ақпарат алмасуды жоспарлап отыр. Сонымен қатар ынтымақтастық адал бизнес жүргізуде кездесетін кедергілерге, сондай-ақ тауарлардың заңсыз айналымының таралу себептеріне арналған талдамалық зерттеулер жүргізуді көздейді.
«Цифрлық экономиканы дамыту орталығы» ЖШС-нің бас директоры Бикеш Құрманғалиева цифрлық таңбалауды тиімді дамыту кәсіпкерлік қоғамдастықпен тұрақты диалогсыз мүмкін емес екенін атап өтті.
Меморандумға қол қою Қазақстандағы электрондық сауданың қарқынды дамуы жағдайында ерекше өзекті. Онлайн-сатылымдардың өсуі бизнес үшін жаңа мүмкіндіктер ашқанымен, сонымен қатар нарықты контрафактілік және заңсыз өнімдерден қорғаудың тиімді тетіктерін талап етеді. Сала өкілдерімен тұрақты өзара іс-қимыл заңнамадағы өзгерістер мен цифрлық таңбалау талаптарын жедел түсіндіруге, процестерді жетілдіру кезінде кәсіпкерлердің практикалық тәжірибесін ескеруге, сондай-ақ әкімшілік кедергілерді азайтуға және нарықтың барлық қатысушылары үшін тең бәсекелестік жағдай жасауға бағытталған шешімдерді бірлесіп әзірлеуге мүмкіндік береді.
Тауарларды таңбалаудың бірыңғай операторы