Таңбалау
30.03.2026, 09:53

Бірыңғай тауарларды таңбалау және қадағалау операторы Шымкентте Digital Qazaqstan форумына қатысты

88 рет қаралды
2026 жылғы 27 наурызда Шымкент қаласында Digital Qazaqstan форумы өтті. Оған Бірыңғай тауарларды таңбалау және қадағалау операторы да қатысты. Аталған алаң экономиканы цифрлық трансформациялаудың басым бағыттарын талқылау үшін мемлекеттік орган өкілдерінің, бизнес пен сарапшылар қауымдастығының басын қосты.

 

Форум аясында оператор өкілдері тауарларды таңбалау мен қадағалау жүйесін дамыту, тауар нарықтарының ашықтығын арттыру және тұтынушыларды қорғауға бағытталған цифрлық құралдарды енгізу мәселелерін талқылады. Сонымен қатар, адал бәсекелестік ортаны қалыптастыру, бизнеспен өзара іс-қимылдың тәжірибелік қырлары және цифрлық шешімдерді түрлі салаларда одан әрі ауқымдандыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

 

Бүгінде тауарларды таңбалау мен қадағалау жүйесі еліміздің цифрлық экожүйесінің ажырамас бөлігі. Ол тауар айналымының толық ашықтығын, деректердің шынайылығын және негізгі мемлекеттік әрі салалық ақпараттық жүйелермен интеграциялануын қамтамасыз етеді. Бұл өз кезегінде реттеу тетіктерінің тиімділігін арттыруға, көлеңкелі айналым үлесін азайтуға және нарық қатысушылары үшін тең мүмкіндіктер жасауға жол ашады.

 

Digital Qazaqstan форумына қатысу мемлекет пен бизнес арасындағы ашық диалогты нығайту бағытындағы жүйелі жұмыстардың заңды жалғасы болды. Бүгінде бұл жиын еліміздің цифрлық даму күн тәртібі айқындалатын маңызды салалық алаң. Мұнда заманауи технологияларды енгізу, деректерді басқару және цифрлық сервистерді дамыту мәселелері кеңінен талқыланады. Мұндай қадамдар экономиканың тұрақты өсіміне септігін тигізіп, сайып келгенде, азаматтардың өмір сүру сапасын арттыруға қызмет етеді.

 

2026 жылы Digital Qazaqstan форумы 6 000-нан астам қатысушының басын қосты. Шараның іскерлік бағдарламасы аясында 150-ден астам спикер сөз сөйлеп, 54 сессия ұйымдастырылды. Талқылаудың негізгі өзегі жасанды интеллектті дамыту, экономика салаларын цифрлық трансформациялау, индустриялық AI, стартап-экожүйесі, кадрлар даярлау және жаңа технологиялық трендтер болды. Осылайша, еліміздің цифрлық экономикасын дамытудың біртұтас бағдар бағытын айқындап берді.


logo Тауарларды таңбалаудың бірыңғай операторы
Сайтқа өту