Өтініштер саны бойынша қай өңірлер көш бастап тұр?
Заң бұзушылық болуы ықтимал сауда нүктелерінің ең көп саны Жамбыл облысында тіркелген – 790. Бұл көрсеткіш Жетісу облысындағы көрсеткіштен шамамен екі есе жоғары. Үшінші орында Ақтөбе облысы тұр.
Республикалық маңызы бар қалалар арасында ең көп өтініш Алматы қаласынан түскен – 207. Шымкент қаласында пайдаланушылар 162 сауда нүктесі туралы хабарласа, Астанада 86 өтініш тіркелген. Ең аз өтініш Ұлытау облысында тіркелді. Павлодар және Атырау облыстарында да көрсеткіш салыстырмалы түрде төмен – тиісінше 34 және 43.
Заңсыз темекі өнімдерін анықтасаңыз, не істеу керек?
Темекі өнімдерінің заңсыз айналымына қарсы күрес аясында 2026 жылғы 14 қыркүйек пен 20 желтоқсан аралығында еліміздің барлық өңірінде арнайы акция өткізіледі. Оған қатысу үшін контрафактілік өнімді бірнеше қырынан, сондай-ақ оны сататын сауда нүктесін (дүкен, дүңгіршек, павильон және т.б.) суретке түсіріп, тегін Naqty Onim мобильді қосымшасы арқылы өтініш жолдау қажет. Қосымша App Store және Google Play платформаларында қолжетімді. Сондай-ақ өтінішті Forte, eGov Mobile және Aitu қосымшаларындағы Naqty Onim сервисі арқылы жолдауға болады. Акцияға қатысу шарттары туралы толығырақ https://www.datamark.kz/ сілтемесі арқылы танысуға болады.
Темекі өнімдерінің ықтимал заңсыз шығу тегін Data Matrix кодының болмауы, денсаулыққа зияны туралы қазақ немесе орыс тіліндегі ескертулер мен суреттердің болмауы, сондай-ақ белгіленген ең төменгі бөлшек сауда бағасынан – бір қорап үшін 1060 теңгеден төмен баға көрсетуі мүмкін. Data Matrix коды тауар туралы мәліметтерді тексеруге және оның өндірушіден сауда нүктесіне дейінгі қозғалысын қадағалауға мүмкіндік береді.
Апта сайын кемінде бір өтініш жолдаған қатысушылар арасында 50 мың теңге ойнатылады. Акция қорытындысында бас жүлде – 500 мың теңге ойнатылады.
Акция ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің қолдауымен өткізіледі. Әрбір өтініш ведомство тарапынан қаралады және тексеру жүргізуге негіз болуы мүмкін. Егер заң бұзушылық расталса, сатушы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылуы мүмкін.
Бұл неліктен маңызды?
Заңсыз темекі өнімдері тұтынушылар үшін қосымша қауіп төндіреді: олардың шығу тегі мен құрамы белгісіз болуы мүмкін, ал таңбалаудың болмауы тауардың заңдылығын тексеруге және оның өндірушіден дүкенге дейінгі қозғалысын қадағалауға мүмкіндік бермейді. Бұдан бөлек, мұндай өнімдердің айналымы көлеңкелі нарықтың дамуына ықпал етіп, Қазақстан экономикасына зиян келтіреді.
Тауарларды таңбалаудың бірыңғай операторы