Таңбалау
12.06.2026, 17:19

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі, Бірыңғай тауарларды таңбалау операторы және Procter & Gamble контрафактімен және көлеңкелі нарықпен күрес мәселелерін талқылады

94 рет қаралды
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция вице-министрі Әсет Нүсіповтің және «Цифрлық экономиканы дамыту орталығы» ЖШС өкілдерінің қатысуымен Procter & Gamble компаниясының басшылығымен кездесу өтті.

 

Кездесу барысында тараптар көлеңкелі нарықпен күрес мәселелерін, оның ішінде өнімнің заңсыз айналымына қарсы іс-қимылдың негізгі құралдарының бірі ретінде тауарларды цифрлық таңбалауды енгізу әлеуетін талқылады.

 

«Цифрлық таңбалау тауар қозғалысын барлық кезеңде – өндірістен бастап дүкен сөресіне дейін нақты уақыт режимінде қадағалауға мүмкіндік береді. Тұрмыстық химия нарығында бұл әсіресе маңызды: заңсыз және контрафактілік өнімдер көбіне қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмейді және тұтынушылардың денсаулығына қауіп төндіруі мүмкін. Қадағалауды енгізу заңсыз шыққан тауар партияларын жедел анықтауға, олардың бөлшек сауда желісіне кіруін шектеуге және сол арқылы адал өндірушілерді де, тұтынушыларды да қорғауға мүмкіндік береді», – деп атап өтті Әсет Нүсіпов.

 

Өз кезегінде Procter & Gamble өкілдері контрафактімен және контрабандамен күрес бойынша бірлескен жұмысқа мүдделілік білдіріп, компанияның осы бағыттағы бірлескен бастамаларды іске асыруға қатысуға дайын екенін атап өтті.

 

«Біздің басты міндетіміз – әрбір клиентті сапалы әрі заңды өніммен қамтамасыз ету, сонымен қатар оны контрафактілік өнімнен және жосықсыз нарықпен байланысты кез келген тәуекелдерден сенімді түрде қорғау», — деп атап өтті P&G компаниясының Шығыс Еуропа және Орталық Азия бойынша басшысы, аға вице-президент Мохамед Ясир Хамуда.

 

Бүгінде Қазақстанда тұрмыстық химия және косметика тауарларын цифрлық таңбалау бойынша пилоттық жоба жүзеге асырылып жатыр. Ол қадағалау тетіктерін сынақтан өткізуге және олардың өнімнің заңсыз айналымымен күрестегі тиімділігін бағалауға бағытталған. Procter & Gamble компаниясы да осы пилоттық жоба аясындағы сынақтарға қатысып, таңбалау процестерін тәжірибе жүзінде сынақтан өткізуге және бастаманы одан әрі кеңейту бойынша ұсынымдар әзірлеуге мүмкіндік берді.

 

Кездесу аясында өзара қызығушылық тудыратын мәселелер, сондай-ақ цифрландыру және бизнеске арналған заманауи шешімдерді дамыту саласындағы өзара іс-қимыл перспективалары да талқыланды.

 

Тараптар конструктивті диалог пен тәжірибе алмасуды жалғастыруға мүдделі екенін растады, сондай-ақ тиімді шешімдер әзірлеу және заманауи цифрлық құралдарды дамыту үшін мемлекет пен бизнес арасындағы ашық өзара іс-қимылдың маңыздылығын атап өтті.

 


logo Тауарларды таңбалаудың бірыңғай операторы
Сайтқа өту