Tañba Бірыңғай тауарларды таңбалау және қадағалау операторы қазіргі уақытта Тауарларды таңбалау және қадағалау цифрлық жүйесінің (ТТҚ ЦЖ) штаттық режимде жұмыс істеп тұрғанын хабарлайды.
2026 жылғы 9 және 10 қыркүйекте ТТҚ ЦЖ-ның жекелеген функцияларының жұмысында жүйе процестерін баптау бойынша жүргізілген техникалық жұмыстарға байланысты уақытша шектеулер байқалды.
Таңбалау қағидаларына сәйкес, Оператордың интернет-ресурсында ТТҚ ЦЖ-дағы техникалық қателерге байланысты қабылдау (беру) актісін ресімдеу мүмкін еместігі туралы ақпарат орналастырылған жағдайда, айналымға қатысушы мұндай актіні қағаз жеткізгіште ресімдейтінін еске саламыз. Бұл тәртіп:
• Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2021 жылғы 30 қыркүйектегі № 518 бұйрығымен бекітілген Аяқ киім тауарларын таңбалау және қадағалау қағидаларының 46-тармағында;
• Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 28 қыркүйектегі № 927 бұйрығымен бекітілген Темекі өнімдерін таңбалау және қадағалау қағидаларының 52-тармағында көзделген.
Техникалық қателер жойылғаннан кейін қағаз жеткізгіште бұрын ресімделген қабылдау (беру) актісін өнім беруші қателер жойылған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде, бірақ тауарды үшінші тұлғаларға беру күнінен кешіктірмей ТТҚ ЦЖ-ға енгізуге тиіс.
Тауарларды таңбалаудың бірыңғай операторы