Бүгінгі таңда Қазақстанда міндетті таңбалау алты тауар тобы бойынша енгізілген. Олар: темекі өнімдері, аяқ киім, дәрілік заттар, киік мүйіздері, сыра және сыра сусындары, сондай-ақ мотор майлары. Ағымдағы жыл ішінде биологиялық белсенді қоспаларға, жеңіл өнеркәсіп тауарларына және зергерлік бұйымдарға міндетті таңбалауды енгізу жоспарланған.
Сессия барысында дәрілік заттар саласына ерекше назар аударылды. Бикеш Құрманғалиева елдегі дәрі-дәрмек айналымы көлемінің шамамен жартысы мемлекеттік тапсырыс пен әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі арқылы жеткізілетін өнімдерге тиесілі екенін атап өтті.
Осы міндетті шешу үшін Бірыңғай оператор жүйесі E-Health платформасымен және ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің басқа да ақпараттық жүйелерімен, оның ішінде бүкіл ел бойынша дәрі-дәрмектерді орталықтандырылған сатып алу мен бөлуді қамтамасыз ететін бірыңғай дистрибьютордың жүйесімен интеграцияланған. Бұл дәрілік заттарды ауыстыруға, контрафактілік өнімді енгізуге және бюджет қаражатын мақсатсыз жұмсауға жол бермейді.
Спикер стандартты емес тауар топтарының қатарында киік мүйіздерін таңбалауды атап өтті. Бұл — әлемдік тәжірибеде сирек кездесетін бағыт.
Бикеш Құрманғалиева қазіргі уақытта газ баллондарын таңбалауды енгізу бойынша жұмыс жүргізіліп жатқанын да хабарлады. Бұдан бөлек, ағаш материалдарын (сүрек) таңбалау іске қосылды: жүйе орман ағаштарын кесу процесін бақылауға және ағаш дайындау саласының ашықтығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Қазіргі уақытта Қазақстанда тұрмыстық химия мен косметиканы, медициналық бұйымдарды, сондай-ақ өсімдік майын таңбалау бойынша сынақтар жүргізіліп жатыр. Жүйені одан әрі кеңейтудің әлеуетті бағыттары ретінде Бикеш Құрманғалиева балалар тағамын, ойыншықтарды, кондитерлік өнімдерді, мұнай өнімдерін, сүт өнімдерін, шай мен кофені атады.
Тауарларды таңбалаудың бірыңғай операторы