Business
Бүгін, 04:51

Қазақстанда ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі

15 рет қаралды

Қазақстанда ең төменгі жалақыны 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап 85 мыңнан 110 мың ₸-ға дейін көтеру жоспарланып отыр.

 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстанның жаңа тарихи кезеңдегі өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауында Үкіметке тиісті тапсырма берді.

 

Өсім 1,8 млнға жуық адамды қамтиды

Президенттің айтуынша, ең төменгі жалақының өсуі 1,8 млнға жуық азаматтың табысын арттыруға мүмкіндік береді.

 

Олардың қатарында бюджеттен жалақы алатын 370 мыңнан астам қызметкер бар.

 

Алғашқы медициналық көмек мамандарының жалақысы да өседі

2027 жылғы 1 қаңтардан бастап алғашқы медициналық-санитариялық көмектің учаскелік қызметі мамандарының жалақысын көтеру тапсырылды.

 

Жалақының өсуі 40%-ға дейін жетеді және үздіксіз еңбек өтіліне байланысты болады. Бұл шара 77 мыңнан астам маманды қамтиды.

 

Үкіметке осы шаралардың іске асырылуын қамтамасыз ету тапсырылды.