Альбина Бунеску, штаттан тыс маркетинг директоры
«Елімізде әлі де қатып қалған стереотиптер бар, сонымен қатар жалақы теңсіздігі, лауазымның жоғарылауы кезінде әйелдерді кемсіту сияқты әділетсіздіктер орын алады»
Инстаграм аккаунтына жазылыңыз — Astana Marketing Club
Барлығы неден басталды
Менің мансапқа жету жолым мамандық тандағаннан басталды. Бір қызығы, ЖОО - ға түсерде, мен қаржыгер боламын деп жоспарладым, бірақ соңында маркетингті таңдадым. Университетте "Бизнес басқару" факультетінің барлық тәжірибелерін — қаржы, менеджмент, бухгалтерия, маркетинг мамандықтарын таңдағанға дейін зерттеу мүмкіндігі болды. Маркетинг бойыншы бірінші лекцияда болғанымда бұл менің келешекте айналысатын мамандығым екенін бірден сездім. Менің сезімім мені алдамады, мен сүйікті ісіммен айналысамын.
Мен 2012 жылы оқуымды бітіріп, маркетолог дипломын алдым. Ол кезде елімізге ең үлкен төрт компания мен ірі брендтер маркетинг бөлімдерін құрып, жарнамаға қаражат сала бастады. Шағын орта бизнес маркетингке азды-кемді көңіл бөле бастады. Нарықтың ерекшелігін түсіне отырып, мен өз миссиямды нақты түсіндім: бұл кәсіпті Қазақстанда мамандар үшін де, бизнес иелері үшін де дамытқым келді. Менің миссиямды толық іске асыру үшін Astana Marketing Club — маркетологтарға арналған Қауымдастық құру ойға келді. Қазір қауымдастық бүкіл Қазақстанның резиденттерін біріктіреді. Мен АМС жобасын мақтан тұтамын. 5 жыл бұрынғы бастама толық ауқымды, білікті, сапалы қоғамдастыққа айналды - мұның барлығы Қазақстанның барлық өңірлерінің резиденттері.
Қазіргі уақытта бизнесті қалай жүргізу керектігі жайлы айта кетсеңіз
Мен Қазақстандағы әйелдер кәсіпкерлігіне қатысты жағымды өзгерістерді байқаймын. Перспективалық жобаларды қолдаудың көптеген бағдарламалары құрылды. Мен үшін бизнесімді жүргізу дегеніміз — жауапты болу, шешім қабылдай білу, бір жерде қауіп-қатерге тап болу, нәзік жан болғанымызға қарамастан стратегиялық ойлау және әрекет ету. Әйелдердің түйсігі жоғары дамыған, әрқашан қарым-қатынаста болады. Мұның барлығы бизнеске қажет қасиеттер.
Қазақстанда бизнес құру туралы
Қазақстанда табыс табу оңай емес, өйткені елдегі және әлемдегі экономикалық жағдай тұрақсыз. Егер тіпті сіздің табысыңыз теңгемен өссе, онда валютаға аударғанда табысыңыз төмен құлдырайды. Неге шетел валютасын аудару керек деген сұрақ туындауы мүмкін. Өйткені біздің барлық сатып алатын тауарлар - импорттық тауарлар. Сәйкесінше біз теңгемен табыс табамыз, ал өнімдерді, киімдерді, техниканы, саяхатты, машиналарды, тіпті пәтерлерді импорттық материалдардан сатып алып, валюта бағамы бойынша жұмсаймыз. Алайда, Қазақстанда батыс елдерімен салыстырғанда салық салу деңгейі төмен, бұл әзірше Қазақстанда бизнес ашудағы артықшылық.