Анна Болгова, TeaMaster компаниясының, Tea Masters Cap Kazakhstan шай чемпионатының ресми ұйымдастырушысы.

Құралай Әшімова
ismet-ке шолу
Мақала
3291

Анна Болгова, TeaMaster компаниясының, Tea Masters Cap Kazakhstan шай чемпионатының ресми ұйымдастырушысы.


«Кейде еркектің кебін кигің келеді. Барлығын өз қолыңа алып, атыс ойығына атойлап ұмтылғың-ақ келеді. Алайда іс жүзінде бұл мүмкін емес»



Инстаграм аккаунтына жазылыңыз — TeaMaster

Кәсіп жайлы

Біздің компания шай сатумен айналысады. Біз тренингтер, шеберлік сыныптарын ұйымдастырамыз және шай рәсімдерін өткіземіз.

Қазіргі уақытта бизнесті қалай жүргізу керектігі жайлы

Қазіргі заманда бизнестегі әйелге өте қиын, өйткені елдер арасындағы қазіргі саяси жағдай күрт өзгерді. Біз әрқашанда еліміздегі ғана емес, көрші елдердегі саяси жағдайға тәуелдіміз. Біз бизнестен бір нәрсе күтеміз, ал қарап тұрсаң мүлдем басқа жағдайға тап боламыз. Кейде еркектің кебін кигің келеді. Барлығын өз қолыңа алып, атыс ойығына атойлап ұмтылғың-ақ келеді. Алайда іс жүзінде бұл мүмкін емес. Қазір бизнес саясатқа өте тәуелді. Бизнесті алдын ала болжау өте қиын. Пандемия кезінде ШОБ тоқтап қалды. Бизнес бірнеше ай тоқтап немесе мүлдем жойылып қалу қаупі болды. Қызметкерлердің өмірі бизнес иесіне тікелей байланысты. Бизнес жүрсе, қызметкерлер жалақысын уақытылы алады.

Бизнесте әйел қызбалық танытады. Әйел жаны сезімтал.  Әрине, оған барлық өзгерістерге, әсіресе келеңсіз жағдайларға төтеп беру қиынға соғады. Адамдарды жұмыстан шығару қиын, оларға жалақы бере алмайтындығың қиын, өйткені бизнес қатып қалды, сатылым жоқ, бизнес табыс әкелмейді. Не істейсің? Амал жоқ, сіз үшін өте қымбат, сізбен бірге бизнесті бастаған адамдармен қоштасуға тура келеді. Әрине, эмоционалды түрде өте қиын. Менің ойымша, ер адамдарға мұндай жағдайға тап болу одан да қиын. 
 

Қазақстанда бизнес құру туралы

Егерде әуел бастан бизнесті дұрыс құрып, ҚР барлық заңнамаларына сәйкес әрекет етсеңіз, Қазақстанда табыс табуға болады. Ол үшін заңды жақсы білу, адамдармен тіл табыса білу, фискалдық органдармен байланыста болу қажет. Тек ұйым ішінде құжаттармен дұрыс жұмыс жасап қана қоймай, тиісінше бизнесті сараптай білу де қажет. Егер сіз жүйелі түрде жұмыс жүргізіп, бизнестің барлық тетіктерін нақты бақылайтын болсаңыз, онда сіз ақша таба аласыз. Мен ешқандай кедергісіз жұмыс істей беремін.  Кедергілерді табатын адам өзі тауып алады ғой. Бизнеске селқос қарап, "әй, осылай да жеткілікті", "алып сатушылықпен айналысайық" дегендер алысқа бармайды. Базардың төңірегінен айналшықтап шыға алмас.

Егер біз алға басқымыз келсе, онда бастапқыда бизнеске жаңа туған нәрестедей қарау керек. Нәрестеге күтім қажет, оны бақылау керек, оны тәрбиелеу қажет. Нәтижесінде сіздің бизнесіңіз өркендейді немесе керісінше,  бизнесіңіз төмен құлдырайды. Және де барлығы біліміңізді, іскерлігіңізді, дағдыларыңызды өз бизнесіңе қаншалықты салуға дайын екеніңізге байланысты. Егер бизнесіңіз өркендесе, онда сәйкесінше жаңа жұмыс орындарымен адамдарды қамтамасыз ете аласыз. Осылайша жұмыссыз отырған адамдарға көмектесесіз. Бұл өте жақсы.

Күнделікті мәселелер бітпейді. Тауарды тиеу, жеткізу, түсіру, сияқты барлық жұмыстарды ұйымдастыру қажет. Сонымен қатар, біз қызметкерлерімізді оқытып үйретеміз, түрлі іс-шараларды өткіземіз. Шай рәсімін әдемілеп жүргіземіз. Жақында ірі компаниялардың бірінде шай рәсімі өтті. Шай рәсімі туралы, жалпы денсаулық туралы сұрақтар қойып, бізбен танысқылары келген көптеген адамдар болды. Өзара ынтымақтастық бойынша көптеген сұрақтар мен ұсыныстар болды. Сондықтан кез келген бизнес тек команда ішінде ғана емес, сонымен бірге басқа бизнестермен  өзара қарым-қатынаста құрылады. Бұл өте маңызды. Тағы да қайталап айтамын, егер бір орында тұрып, өз бизнесіңізге қамқорлық жасамасаңыз, алдын ала жоспарламасаңыз және алдағы мақсаттарды көрмесеңіз, онда бизнес ұзақ өмір сүрмейді. Бизнес құруға орасан зор күш жұмсалады, эмоционалдық шығындар көп болады. Ал нәзік жандар үшін екі есе қиын. Күні бойы жұмыста болып, көптеген адамдармен кездесіп, мәселелерді шешкеннен соң,  үйге келіп, аяқ киімді шешіп, мейірімді де сүйкімді ана мен әйелге бірден айналып кетуіңіз керек. Мұның бәрі әр әйелдің мінез-құлқына байланысты. Сіз бәріне бейімделуіңіз керек.

Осы жаңалықпен бөлісіңіз: