Майра Сулейменова
Шын мәнінде, мен бақыттымын. Ширек ғасыр бұрын "махаббат, жұмыс" сөздері мен үшін бір бірімен байланысты болатын
Кәсіп жайлы
Мен алпыс жасқа тақап қалдым. Ширек ғасыр бұрын немерелер жетістікке жеткен кезде көп нәрсеге қол жеткізіп, тұрақтылықтан ләззат алатын уақыт келетіндей көрінетін. Енді сол уақыт келді.
Немен айналысамын дейсіз бе? Сол баяғы жұмыс. Әңгіме жазудан басталды, сосын сурет салдым, соңғы жылдары әдемі де ыңғайлы киім тігуге кірістім. Менің киімдерім көзге үйреншікті, әдеттегідей емес. Дегенмен, мен өзімді не жазушы, не дизайнер деп атамаймын. Мен үшін бұл тыныштық күйге ену болып табылады. Шын мәнінде, мен бақыттымын. Ширек ғасыр бұрын "махаббат, жұмыс" сөздері мен үшін бір бірімен байланысты болатын. Сондықтан болар, идеялар бірінен соң бірі пайда болды, ал оларды тез арада іске асыру менің басты міндетім болды. Нәтижесінде, қуанышқа кенелдім, үлкен әсер алдым және жаңа жобаларды бастап кете бердім..
Қазіргі уақытта бизнесті қалай жүргізу керектігі жайлы
Біз шаблондардан арылып, "менің қолымда көп нәрсе келеді" деп, шығармашылықты алға тартып өмір сүріп жатырмыз. Қазіргі уақытта бизнесте болу - бұл біліміңді үнемі жетілдіріп отыру. Өйткені күн сайын ақпараттық өрісті кеңейту бізге көптеген мүмкіндіктер әкеледі. Яғни, нөлден өту - бұл бүгінгі күні тұрақты болып табылатын жалғыз нәрсе. Сондай-ақ сіз әрқашанда өз қалпыңызды сақтауға тырысу керексіз. Шын мәнінде, 80-жылдардың аяғынан бастап сырт-келбетімде мін жоқ деуге болады, өйткені салауатты өмір салтын ұстанамын.
Қазақстанда бизнес құру жайлы
Кәсііңнің нәсібін көру - жаңа құралдарды игеру. Бұл өз кезегінде ресурстардың жаңа мүмкіндіктерін ашады. Барлығын тепе тең ету қарсылық пен тәуекелге саяды. Соңғы жылдары менің өмірім "Сыбызғы мен құмыра" ертегісі іспеттес. Естеріңізде болар, оқжаңбырық ата балаға құмыраның орнына ескі сиқырлы сыбызғы ұстатады. Сыбызғыда ойнаса, қыр құлпынайға толады, бірақ жинап алайын десе, қолында құмырасы жоқ. Ал енді сыбызғыны қайтарып, құмырасын алайын десе, құлпынайсыз қалуы мүмкін. Оны теру де еңбек: еңкею, жапырағын көтеру, жидекті жинап теру керек. Сол сияқты мен де кейде құмыраны, кейде сыбызғыны алып отырған жайым бар. Бұл, әрине, жас ерекшелік факторы.