Наталья Митрофанова, "Негіздеуші" балалар бизнес-мектебінің жетекшісі

__________________________
ismet-ке шолу
Мақала
3437

Наталья Митрофанова, "Негіздеуші" балалар бизнес-мектебінің жетекшісі


"Жеке өмір оқиғаларымның әсерінен бір күні арманымның бар екенін, ол әлі орындалмағанын түсіндім. Дүние жалған демекші, ертең арманыңмен қоса өміріңмен қоштасып қалуың мүмкін. Кейінге қалдырмайын деп бел будым"



Инстаграм аккаунтына жазылыңыз — Founder School

Кәсіп туралы

Біз жақында ғана ашылдық, бірақ біздің артымызда мектептердің халықаралық желісінің тәжірибесі тұр. Бүгінде ТМД елдері бойынша 30-дан астам мектеп жұмыс істейді. Біз 6 жастан 15 жасқа дейінгі балалар үшін көшбасшылық және бизнес дағдыларын дамыту бойынша әлемдегі алғашқы білім беру бағдарламасын ұсынамыз. Оқыту Қазақстан (Almay) және Ресейдің (РХШжМҚА) жетекші бизнес-жоғары оқу орындарымен серіктестікте, пікірлестердің қолдауымен жүргізіледі.

Мен бұл жолды неліктен таңдадым? Менің жалдамалы қызметкер ретіндегі тәжірибем үлкен. Мен қатардағы қызметкерден бастап топ-менеджерге дейінгі мансаптық баспалдақтың барлық сатыларынан өттім. Жеке өмір оқиғаларымның әсерінен бір күні арманымның бар екенін, ол әлі орындалмағанын түсіндім. Дүние жалған демекші, ертең арманыңмен қоса өміріңмен қоштасып қалуың мүмкін. Кейінге қалдырмайын деп бел будым.

Мен барлық аналар сияқты балама болашақта сәтті және бақытты адам боп қалыптасуына көмектесетін білім беруді армандаймын. Өкінішке орай, мектепте алған білім жеткіліксіз. Мектеп реформалары әлі де игі істер атқаратынына сенімдімін. Бірақ менің балама қазір және осында жақсы білім алуы керек.

Жақында мен Executive MBA ғылым дәрежесін алдым. Бала неғұрлым ерте кезден табысты адамның ойлау қабілеті, қарым-қатынас дағдылары, қаржылық сауаттылық, кәсіпкерлік ойлау қабілеті, өзінің күшті және әлсіз жақтарын сезіну, стратегия сияқты тақырыптармен таныса бастайтын болса, болашақта оның даму болшағы соғұрлым жақсы болатынын түсінемін.

Мен балалар бір-біріне көмектесетін, қолдау көрсететін және бірлескен жобаларды іске асыратын пікірлестер ортасын құруды армандаймын. Жалпы, біздің мектеп бала үшін ыңғайлы және қауіпсіз ортада білім мен дағдыларды береді. Ол болашақта жалдамалы қызметкер немесе табысты кәсіпкер мен инвестор болсын, қандай да бір мамандықты таңдайтын болсын, біздің мектепте алған білімі оның өмірінде міндетті түрде қажет болады.

 

Қазіргі уақытта бизнесті қалай жүргізу керектігі туралы

Мүмкін менің алда әлі талай қиындықтарым бар шығар. Бірақ қазір мен кәсіпкерлер тарапынан керемет қолдауды сезінемін. Әлеуетті клиенттер менің жұмысыма баға беріп жатады. Тіпті бейтаныс адамдар маған идеяңыз керемет екен деп жазып жатады. Әрине, мұның бәрі мені ынталандырып, жұмысымды жандандыра түседі.

Мен әлемде қандай өзгерістер болып жатқанын көргенде, ана, әйел және көшбасшы рөлін біріктіруге тырысқанның өзінде барлығы бірдей сәтті бола бермейтінін түсінемін. Білім — бұл әлеуметтік бизнес екенін және одан табыс таба алмайсың дегенді естігенде, кейде көп нәрсені жасасаңыз да күткен нәтижеңіз ойдағыдай болмаса қатты қынжыламын. Бұл жағдайлар алға қарай ұмтылуға, еңсеңнің түспеуіне көмектеседі.

Жалпы, кәсіпкер әйелдер одақтар, ынтымақтастық және серіктестік құруға бейім келеді. Бұл тұрғыда мен де осыған бейіммін. Қазірдің өзінде мектептің керемет серіктестері бар — Qainar Bulaq және AlmaU. Бұл оқу орындарында кезінде мен бизнес-білім алған болатынмын және оның оқыту сапасына сенімім мол. Сонымен қатар "Атамекен" ҰКП — энергиясы жоғары, кәсіпкерлерді оқытатын және оларға нақты көмек көрсететін мекеме. 

Мектеп жанында қамқоршылық Кеңесі құрылған, оның құрамына жұмыс істеп жүрген кәсіпкерлер мен көптеген компаниялардың жетістікке жеткендері кіреді. Олар өз тәжірибелерімен бөлісуге және балаларға жобаларды құруда көмек көрсетуге әрқашан дайын. 

Қазақстанда бизнес құру туралы

Мен Қазақстанды жақсы көремін және менімен бірге жұмыс істеген адамдарды өте құрметтеймін, бағалаймын. Мүмкін менің жолым болған шығар. Бірақ мен әрқашан сапалы да жылдам жұмысты жоғары бағалаймын. Мен көптеген компаниялардың қызмет көрсетуінде нақты өзгерістерді, цифрлық технологиялардың дамуын, бизнестің өсуіне қуатты бағдарды көріп отырмын.

Әрине, бұл ешқандай проблема жоқ дегенді білдірмейді. Сондай-ақ, жүйенің артта қалғандығы мен баяулығы, билік бойындағылар арасындағы соғыстар, тамыр-таныстыстық, экономикалық күйзелістер, халықтың төлем қабілеттілігінің төмендеуі, әйелдерді екінші орынға өте сыпайы түрде төмендету жағдайлары, жалпы білім деңгейінің салдарынан қызметкерлердің біліктілігінің төмендеуі сияқты көптеген мәселелер бар. Бірақ бұл, кез келген математикалық есептегідей, берілгені бар. Сонымен қоса қоятын сұрағыңыз бар. Міндетті түрде шешім болады.  

Осы жаңалықпен бөлісіңіз: