Диляра Амири, Sreda Flowers гүл дүкені

__________________________
ismet-ке шолу
Мақала
3542

Диляра Амири, Sreda Flowers гүл дүкені


«Мен гүл әлеміне сұлулықты жасау ниетімен келдім»



Инстаграм аккаунтына жазылыңыз  — Sreda Flowers

Кәссібіңіз неден басталды

Мен 6 жыл бойы флористика мен гүлмен безендіру ісімен айналыстым. Мен гүл әлеміне сұлулықты жасау ниетімен келдім. Құрбым сол кездегі ең жақсы гүл дүкендерінің біріне жұмысқа баруға кеңес берді. Алдымен бетпе-бет кездесіп, менен сұхбат алды және сынақ мерзімінен өтуім керек болды. Бірақ сынақтан өтіп үлгермедім, құрбым дереу "флористикалық бюро" ашуға бел буды. "Есерсоқ болмай, ер болмас, есептен болмай, бай болмас" демекші, мен жылдам шешім қабылдадым. 

 

Қазіргі уақытта бизнесті қалай жүргізу керектігі туралы

Мүмкін мен жаңа ештеңе айтпаған болармын. Кез келген бизнестің өз кемшіліктері болады: отбасыңа және өзіңе деген уақыт тапшылығы.

Артықшылықтары - бұл әрқашан қызықты, өйткені өз бизнесіңнің болуы - үнемі бір нәрсені үйренуге талпыну, өзің үшін жаңа дүниелерді ашу. Қаншама тамаша адамдармен үнемі танысасың, қарым-қатынаста боласың.

 

Қазақстанда бизнес құру туралы

Кәсіпкерлікте ештеңе оңай және жеңіл болмайды. Оның тауқыметі көп. Мүмкін, бизнестегі сәттілік қай елде тұрғаныңа емес, сіз ұсынатын қызметке, бастапқыда бәрін қалай ойлап тауып, сақадай сай даындағаныңызға, өз ісіңізді бастағанға дейін қандай тәжірибе алғандығыңызға байланысты шығар.

Осы жаңалықпен бөлісіңіз: